KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - статьи
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ
29 апреля 2022    Автор / А. Т. Рахимова, №25 орта мектебінің педагог-дефектологі, Жаңаталап ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы

Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ еліне келешегінің тұтқасын ұстайтын қандай адам, қандай маман керек? Ең алдымен, қандай адам қажет? Әрине, білімді және адамгершілігі мол жас ұрпақ керек екені анық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В. Г. Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д. И. Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.

Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып келген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде бүгінгі күні ұғыну қажет. Адамзат жаhандану мен ақпарат дәуіріне, әлем шексіз шындыққа, ал өнер – адам өмірін әлеуметтік және өзіндік мағына мен қуанышқа толтыруға бағытталған шаққа аяқ басты.

Таным мен шығармашылыққа үйрету – қазіргі білім берудің негізгі бағыты. Оның табысы жеке басының өсу дәрежесіне байланысты – азаматтық сәйкестендіру, құқықтық сауаттандыру, жан-жақты және көшбасшылық қасиеттерді дамыту, мамандық пен өнерде өзін-өзі тану. Ең бастысы – бұл кәсіби білім беру, өскелең ұрпақты дамыту мен тәрбиелеуге қатысты.

Бүгінгі күннің жастары өз заманының ең дамыған бөлігі ретінде ертен-ақ қоғамның алға басушы күші болады, олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және әлемнің келешегі соларға байланысты.

Біздің басты мақсатымыз – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандарды тәрбиелеуге және олардың әлеуметтік механизмдерін байқай отырып, мектеп қабырғасында тәрбиелеу жұмысының қалыптасу мен даму заңдылықтарын айқын жүргізуді қажет етеді.

Тәрбие қоғамның менталитеті мен жағдайын көрсететін нақты тарихи сипатқа ие. Тәрбие сұрақтарын, олардың денсаулығы мен даму дәрежесіне қарай бағалауға болады. Тәрбие – әр уақытта көзқарас, қызығушылық, идеология, саясаттың тоғысуы үстінде, құнды бағдарламаларды қалыптастыра отырып, адамның іс-әрекетінің мән-мағынасы әлеуметтік-экономикалық көмегінен тыс болмауы керек. Балалар тәрбиесінің әлеуметтік тапсырысы маңызы құжаттардаҚазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған үндеуінде, Қазақстан Республикасының азаматтарын ұлттық рухта тәрбиелеу және тағы басқа мемлекеттік бағдарламаларда көрініс табады.

Еліміздегі қазіргі өзгерістерде бүгінгі күні туындап отырған және жастардың ұстанымына байланысты келешектегі идея өзекті болып отыр. Бұл идея – қоғамның дені сау күшін шоғырландыру, оның тіршілік қарекетінің демократиялық бастамаларын нығайту. Осыған орай балаларды тәрбиелеудің негізгі қағидалары туындайды:

– рухани және физикалық дамуда жеке басының қажеттілігі, азаматтық ұстанымын қалыптастыру қажеттілігін, патриоттық сезімнен қазіргі заманғы даму жағдайында өмірге және еңбекке деген қабілеттілік пен демократияға, толеранттылыққа, шығармашылық бағытқа, жан-жақтылыққа және жеке бастың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға қажеттілігінен туындайтын жалпыазаматтық гуманистік құндылықтардың басымдылық қағидасы;

– этникалық мәдениеттердің бірігуі, азаматтық келісім мен үйлесімдік, қоғамдық қарым-қатынаста жетістікке жету негізінде жалпыұлттық мәдениеттің өркендеуіне әкелетін мәдениет тудырушы орта қалыптастыруды қарастырады. Дәстүрді, тілді, психикалық негіз бен этникалық ақыл-ойды қамтитын рухани өмір саласына тартатын бір уақытта әлем мәдениеті құндылықтарын меңгере отырып, ана тілі мен мәдениетіне тарту арқылы этномәдени бірегейлікті сақтауға субъектілердің іс-әрекетін ұйымдастыру қажет.

Кәсібилік және әлеуметтілік бірлігі қағидасы жастардың кәсіби өсу жолымен қатар, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуды қарастыратын даму аспектілерін табуға негізделген. Қазіргі кәсіби маман өзін-өзі тәрбиелеп, оқыған кәсіби тәжірибесін бағалап, жүзеге асыра білу керек. Біз кәсібилікті жеке бастың қажеттіліктерімен байланыстыра отырып, ол арнайы жасалатын жағдайларда жүзеге асады деген ойға келеміз. Таңдап алынған мамандыққа қызығушылық, онымен айналысу, оған берілу, бір бағытта жұмыс істейтін адамдармен қоғамдық пайдалы жұмыс, барлық істе көшбасшы болу осының барлығы – жастардың әлеуметтену кезеңі.

Тұлғаның кәсіби бағытталуы таным, қызығушылық, өзін-өзі жүзеге асыруы, пайдалылық және көшбасшылығы мотивтерінің иерархиясы сияқты көрінеді. Кәсіби құндылықтарға негізделетін тәрбие процесі кәсіби бағытпен ынтымақтастық, ұжымдық қызығушылық, әлеуметтік маңызды жұмыстармен, қарым-қатынастармен біріктірілген ерекше, әртүрлі жастағы қоғам қалыптасады. Мұндай қоғамды қалыптастыру білім беруді ерекше мәнді етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның көркеюіне ықпал етеді.

Азаматтық ұстанымның, патриоттық сезімнің, құқықтық және саяси мәдениеттің қалыптасу басымдықтары, ұлттық көзқарасты дамыту, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің, толеранттылықтың, жастар ортасындағы құқық бұзушылыққа қарсы тұруға дайындық басымдықтары өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды құрам бөлігін анықтайды.

Азаматтылық – тұлғаның қоғам және мемлекет алдында қарыздығын сезіп және орындауға сана-сезімі жетіліп, патриоттық іргелі қасиеті дамиды. Адамның еліне деген баға жетпес махаббаты негізінде оның ойлары мен бағамы ғана емес, сонымен қатар тағдыры және өмірінің мағынасы анықталады. Тәрбиенің негізгі көзін адам мәдени-тарихи және жанұялық қалыптасқан дәстүрден алады. Осы кезеңде отбасы, халық, Отан деген құндылықтарға бағытталған тұлғаның ерекше бір «түпкілікті жүйесі» қалыптасады. Осы кезде көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, тәрбие халықтан, еліміздің мәдени-тарихи салт-дәстүрлерінен және үлгі аларлық отандастарымыздан қалыптасқан.

Көрнекі фактілерге негізделген тәрбие – адамзатты мәдениетке тарту болып табылады. Адамзаттың бар мәдени мұрасы – шығармашылық еңбегінің ескерткіші. Шығармашылық қоғамдық өмір, қоғамдық сана өзгерген жағдайда негізгі мағынаға ие болады, адам шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде ғана басында тың ойлар, жаңа идеялар, түрлі стереотиптер, жаңа өмірге деген көзқарас пайда болады. Мәдениетті шығармашылықпен меңгеру жеке қолданбалы қабілеттерді дамытуға бағытталғандығын, ал барлық адамзатты өзгертетін шығармашылыққа деген сұранысын мақсатты түрде қалыптастыруға байланысты күрделі үрдіс екендігін түсіну маңызды.

Жастар шығармашылығына терең үңілу, әр жас – шығармашылық жұмыстың қажеттілігін сезіну, түсіну, білу шарт және оны алдына үлкен мақсат етіп қою қажет.

Болашақтың негізгі кілті – қоғамның барлық сауатты күшінің нығаюына сүйенетін мақсатты бағытталған, динамикалы, тиімді тәрбиелеу жүйесі. Бұл мақсатқа мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жұмыс жасауға, түсінушілік пен қарама-қайшылық болмаған жағдайда жетуге болады. Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың тәрбие әлеуетінің шоғырлануы, оқу-ғылыми және тәрбие үрдісінің бірігіп қамтамасыз етуі болашақ мамандардың бойында кәсіби және интеллектуалды құзыреттілік қалыптастырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын, кәсіби қызмет нәтижесіне деген азаматтық жауапкершілігін, кәсіби этика нормаларын шыңдайды. Әрбір білім алушыға оқу еңбегінің дағдыларын меңгеруге, олардың психологиялық проблемаларын шешуге, жоғары оқу орны өмірінің дәстүрлерімен және нормаларымен таныстыруға көмектесетін тәлімгерлер институтының маңызы зор.

Сонымен қатар жоғары оқу орнындағы кітапхана, спорт клубы, мұражай, әрбір бағытта құрылған үйірмелер, әлеуметтік бағамы жоғары жобаларға қатысуынсыз оқу орнының дамуы мен өсуін елестету мүмкін емес. Жастар арасында біраз әлеуметтік-психологиялық түсінбеушілік жағдайлар туындауы мүмкін. Оның пайымдауынша, жоғары оқу үлгеріміне жете аламын ба, білімін бөлісе ала ма деген ой. Бұл жағдайда тәлімгер оқытушылардың, шығармашылық ұйымдардың, жас құрамына қарай құрылған жастар топтарының күші әсер береді. Бұған ақпараттық, психологиялық, әлеуметтік және тағы басқа құрылымдарды жұмылдыруға болады. Олар ірі жоғары оқу орындары арасындағы мақсатты кешендерге – салалық, аймақтық кешендерге бірігіп, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қолдауына сүйене отырып, кәсіби білім беру мекемелерінің топтарымен жұмыс істей алады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тұлғаның рухани моделін қалыптастыру рухани құндылықтардың негізгі қайнар көздері – салт-дәстүр, мәдениет, ғылым-білім, дүниетаным, адамгершілік арқылы жүзеге асады. Осы тәрбие жолында жоғарыда айтылып кеткен тәрбие мектептері үлкен рөл атқарады.

Халықтың рухани дамуының түпқазығы, тірегі – мәдениет, әдебиет, дін, салт-сана, тіл деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі.

Тәрбие саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Жастарға білім беру мен тәрбиелеу – осы негізде жүйеленуі қажет деп есептейміз. Үлкен ғұлама, педагог Л. Фейербах: «Тәрбиенің мақсаты – бақыт, ал соған жету – қуаныш», – деп санаған. Болашаққа бақыт пен қуаныш сыйлайық, ұстаздар қауымы!

 

Добавить комментарий



Комментарии (0)


Этот материал еще никто не прокомментировал.