KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - статьи
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі білім беру ұйымының қызметін ұйымдастыру бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік  білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі білім беру ұйымының қызметін ұйымдастыру бойынша  ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
26 августа 2019    Автор / «БӨБЕК»

Шығ.№ 09-10/542 09.08.2019 ж.

 «БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

 АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ

  2019-2020 оқу жылында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік

білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі білім беру ұйымының қызметін ұйымдастыру бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 Алматы, 2019

2019-2020 оқу жылында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі білім беру ұйымының қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар

 «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 24 базалық білім беру ұйымдары еліміздің 4 қаласында (Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе) жұмыс істейді. Бұл балабақшалар, мектептер мен колледждерде  Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» РАБ тұтас педагогикалық процестің негізі болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар туралы авторлық бағдарламасының идеялары сәтті сынақтан өтті.

Оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын енгізу бойынша эксперименттік жұмысқа белсенді қатысу нәтижесінде 24 базалық білім беру ұйымдары оны бүкіл Қазақстан бойынша таратуға, балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік дамуында балалар бақшаларына, мектептер мен колледждерге көмек көрсетуге мүмкіндік беретін тәжірибе жинақтады.

Білім берудің базалық ұйымдары өзін-өзі танудың ұлттық стандартына айналуға және адамның рухани-адамгершілік жетілу процесін, қоғамдық сананы жаңғыртуды өзіне алып жүруге тиіс.

Базалық білім беру ұйымдарының педагогтары адамгершілік- рухани білім берудің ең жақсы білімі мен дағдыларына ие болуға, білім алушылардың оқу және оқудан тыс қызметін ұйымдастыруға шығармашылықпен қарауға, ата-аналар жұртшылығымен, басқа да барлық серіктестермен ынтымақтастықты сапалы жоғары деңгейде жүзеге асыруға тиіс.

24 базалық білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарының үздік тәжірибесін тарату педагогтердің «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасының мәнін көрсете білуін, өзін-өзі тану сабақтарын, сынып сағаттарын, адамгершілік-рухани білім беру саласындағы білім алушылар мен педагогтардың басқа да қызмет түрлерін көрсете білуін, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін талдау, бағалау және негіздеу мысалдарын көрсете білуін болжайды.

Базалық білім беру ұйымдары қызметінің мақсаты «Өзін-өзі тану» РАБ негізінде білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеу тәжірибесін зерделеу, талдау, жинақтау және трансляциялау.

Міндеттері:

· «Өзін-өзі тану»РАББағдарламасын іске асыру бойынша өңірдің  педагогикалық және басқарушылық кадрларының кәсіби дамуы мен өзін-өзі дамытуына бағытталған жүйелі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

· «Өзін-өзі тану» РАББағдарламасы жөніндегі өңірлік жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету үшін әдістемелік алаңын ұйымдастыру.

 «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы (бұдан әрі – ҰҒПББСО) әдістемелік-нұсқау ұсыныстарын жолдайды:

1. Білім беру ұйымының жылдық жоспарына кестеде берілген іс-шаралар қосу (қосымша).

 2. «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірдің педагогикалық және басқарушылық кадрларының кәсіби дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған жүйелі жұмысты ұйымдастыру

2.1. Өңірдің басқарушылық кадрларына рухани-адамгершілік білім беру бойынша әдістемелік семинар өткізу. Семинарда «дөңгелек үстел» әдісін қолдану арқылы «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау ұсынылады.

2.2. Өңірдің педагогтарына «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау мәселелері бойынша әдістемелік семинар өткізу. Семинарда оқу пәндерінің, сабақтан тыс іс-шаралардың, қосымша білім сабақтарының, ата-аналарға арналған іс-шаралардың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялаудың мәселелік сұрақтарын талқылау ұсынылады.

2.3. «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесінің негізінде гуманитарлық циклдағы оқу пәндерінің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.

2.4. «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесінің негізінде жаратылыстану циклындағы оқу пәндерінің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.

2.5. «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесінің негізінде қосымша білім беру мазмұнына, оқудан тыс іс-әрекетке және ата-анамен жұмысқа жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.

 3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша өңірлік жұмыс тобының қызметін қамтамасыз етуге арналған әдістемелік алаң ұйымдастыру

3.1. Өңірдің педагогтарына ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізу.

3.2. Педагогикалық тәжірибе тарату мақсатында өңірлік жұмыс тобының іс-шараларына қатысу.

 4. Ақпараттық-ресурстық қызмет

4.1. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. 

4.2. «Самопознание.кz» журналына және www.ozin-ozi-tanu.kzпорталына мақалалар, әдістемелік әзірлемелер жариялау.

 5. «Бөбек» ҰҒПББСО-мен өзара әрекеттестік 

«Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты негізгі білім беру ұйымдарына тиісті әдістемелік материалдарды жолдайды; консультативтік қызмет атқарады; негізгі білім беру ұйымдарынан алынған материалдарды талдайды және жалпылайды.

Негізгі білім беру ұйымдарымен дайындалған әдістемелік ұсыныстар «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтына «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасының мақсат-міндеттеріне материал мазмұнының сәйкестігін сараптау үшін жолданады. Әдістемелік ұсыныстардың соңғы үлгілері (макеттері) Адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралады. Ғылыми-әдістемелік кеңестің әдістемелік материалдарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға ұсыну туралы қорытындысы әдістемелік ұсыныстардың сараптама нәтижесі болып табылады.

Байланыс ақпараты:

Электрондық мекен-жай: almatybobek@mail.ru

Телефон: 87272472527

қосымша

 «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша негізгі білім беру ұйымдарының 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

 

 

 

Жұмыс мазмұны

 

 

Мерзімі

 

Жауаптылар

1

Рухани-адамгершілік білім беру мәселелері бойынша өңірдің басқарушылық кадрларына әдістемелік семинар өткізу

қазан

2019

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2

 «Өзін-өзі тану» РАБ Бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау мәселелері бойынша өңірдің педагогикалық кадрларына әдістемелік семинар өткізу

наурыз

2020

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3

Гуманитарлық циклдағы оқу пәндерінің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау

қараша

2019

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

4

Жаратылыстану циклындағы оқу пәндерінің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау

қараша

2019

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

5

Қосымша білім беру мазмұнына, оқудан тыс іс-әрекетке және ата-анамен жұмысқа жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау (жұмыс тәжірибесінен)

сәуір

2020

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

6

Өңірдің педагогтарына ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізу

үнемі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

7

Педагогикалық тәжірибе тарату мақсатында Өңірлік жұмыс тобының іс-шараларына қатысу

үнемі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

8

«Самопознание.кz» журналына және www.ozin-ozi-tanu.kzпорталына мақалалар, әдістемелік әзірлемелер жариялау

үнемі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

9

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

үнемі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

Добавить комментарий



Комментарии (0)


Этот материал еще никто не прокомментировал.