KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - статьи
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалық жұмысты ұйымдастыру бойынша  ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
27 августа 2019   

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалық жұмысты ұйымдастыру бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Алматы, 2019

 Кіріспе

Үздіксіз рухани-адамгершілік кемелденуге ұмтылатын, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие адамды тәрбиелеу – нағыз өнер. Қазіргі таңда оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту жолында ұлы мұраттарға қызмет етуге шабыттандыратын ұстаным қажет. Осындай ұстанымдағы шынайы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы ұсына алады.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру Бағдарламасыбілім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама.

Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсаты:

1) білім беру салалары мазмұнының құндылық әлеуетін жандандыру;

2) қосымша білім беру мен оқудан тыс іс-әрекет мазмұнының адамгершілік-рухани аспектісін күшейту;

3) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен өзара іс-қимылын жандандыру болып табылады.

Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мазмұны төмендегі қағидаларға негізделеді:

 гуманистік бағыттылық қағидатына – гуманистік идеялардың және жалпыадамзаттық құндылықтардың құндылық негізінде білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру;

 ұлттық мұра қағидатына – жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлттық мәдениет призмасы арқылы тану;

 әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидатына – білімалушыларға адамгершілік-рухани білім беру мақсатында қоғамдық институттарды топтастыру;

 табиғатпен сәйкестілік қағидатына – тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін, физикалық және психологиялық денсаулық жай-күйін есепке алу.

Бағдарламаның мазмұны білім алушылардың мынадай түйінді құзыреттерін:

1) өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын;

2) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік таңдауға дайындығын және әртүрлі өмірлік жағдайларда оның негізінде әрекет ету қабілеттілігін;

3) жасампаздық белсенділікті, азаматтықты және отансүйгіштікті таныту дайындығын, қоғамға қызмет ету дағдысын;

4) адамдармен тілектестік қарым-қатынас құруын, топпен жұмыс жасай білуін;

5) салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдері оқытудың практикалық-бағдарланған шарттарын:

1) оқу пәндерінің және сабақтан тыс іс-шараларының мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялауды;

2) білім алушыларда өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту дағдыларын жүйелі дамытуды;

3) оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде әлеуметтік бағытталған жобалық қызметті пайдалануды;

4) оқу-тәрбие үдерісінде, ата-аналардың қоғамдастығын адамгершілік-рухани ағартуда ата-аналардың қатысуын жандандыруды;

5) тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мақсатында қоғамдық ұйымдарымен, шығармашылық одақтармен, әлеуметтік институттармен серіктестікті айқындайды.

Оқушыларды әлеуметтік бағытталған жобалық іс-әрекетке қатыстыру тәжірибеге бағдарланған жағдайларды жасауға мүмкіндік туғызады. Бұл іс-әрекеттің негізі ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің 5–9, 10–11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасында сипатталған ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруды алуға болады. Ұзақ мерзімді жобаны орындау жартыжылдық және жылдық сынақ қою үшін міндетті болып табылады. Егер оқушы бағдарламада көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындаса және ұзақмерзімді жобаны  орындау негізінде оқушыға «сынақ» қойылады.

«Өзін-өзі тану» пәні Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі болып табылатындықтан жобаны әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмыстарды оқу, оқудан тыс және ата-анамен жұмыстың міндетті компоненті ретінде ұйымдастыруды ұсынамыз.

Әлеуметтік бағытталған оқу жобаларының ерекшеліктері

Оқу жобасыбұл өзін-өзі тану пәні мұғалімінің басшылығымен және сынып жетекшісінің міндетті қатысуымен орындалатын өзіндік шығармашылық жұмыс. Жобалық іс-әрекет инновациялық тәсілдер қатарына жатады, себебі тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын, қоршаған әлемнің өзгеруін шамалайды. Әлеуметтік бағытталған жобалық іс-әрекетттің негіздерін меңгерудің өзектілігі бұл технологияның білім беру жүйесінің барлық деңгейдегі ұйымдарында кеңінен қолдануға болатындығында, ол талдамалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өмірлік қажетті құзыреттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді.

Жобалаудың мәндеттері. Әлеуметтік бағытталған жобалық іс-әрекеттің міндеті – оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерінің, басатамашылдықтары мен дербестіктерінің, ұжымда жұмыс істеу біліктерінің дамуына ықпал ету,

Әлеуметтік бағытталған оқу жобасы оқушылардың көзқарасымен қарағанда – бұл өздерінің рухани-адамгершілік әлеуеттерін барынша жарыққа шығаруға берілген мүмкіндік. Бұл іс-әрекет өзінің мүмкіндіктерін жеке дара және топта жүзеге асыруға, күш-жігері мен білімдерін пайдаға жаратуға, қол жеткізілген нәтижелерді көпшілікке таныстыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік бағытталған оқу жобасы мұғалімнің көзқарасымен қарағанда – бұл оқушыларға арналған ұызықты іс-әрекетті ұйымдастыру ғана емес, қойылған мәселенің шешімін іздеудің және табудың шарттарын құру, оқушылардың мұғаліммен, оқушылардың өз-өздерімен және ата-аналарымен өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың формасы, жобаны әзірлеу және іске асыру барысында оқушылардың төмендегі түйінді құзыреттіліктерін дамытудың мүмкіндігі:

 жалпыадамзаттық құндылықтардың мән-мағынасын түсіну;

 өзінің ойлары, сөздері мен әрекеттері үшін жауапкершілік алу;

 қоршаған табығатқа және адамдарға көмек көрсетуге ұмтылу;

 өмірде кереметті, ғажайыпты, қайғы-қасірет пен сайқымазақтықты тани білу және оған өзіндік қатынас білдіру, яғги, ажырата білу қабілеттілігі;

 отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы өзінің рөлін түсіну;

 өзінің өмірі мен денсаулығына құндылық ретінде саналы қатынас жасау, салауатты өмір салты туралы білімдерін тәжірибеде пайдалану, өмірінен теріс әдеттерді жоюға ұмтылу;

 болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңыздылығын түсіну;

 өзінің жеке уақытын ұйымдастыра және қадағалай алуы;

 өзінің тілектері мен мүмкіндіктерін шынайы бағамдай алу, материалдық және материалдық емес қажеттіліктерін ажырата білу;

 өмірдегі өзара көмектің мән-маңызын түсіну;

 өзінің азаматтық ұстанымдарын ұғынуға талпыну.

Жалпы білім беретін мектепте «Өзін-өзі тану» пәні бойынша

жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалардың тақырыптары

Сынып

Тақырып

5

Жақсылық менен басталады

6

Табиғат – баға жетпес сый

7

Ұжымдағы достық

8

Қоғамға қызмет ету

9

Менің құрдастарым

10

Менің борышым

11

Адамзаттың шынайы көшбасшылары

Орындалу ұзақтығы бойынша әлеуметтік бағытталған жобалар ұзақ мерзімді болып табылады, яғни бір оқу жылына есептелген және жазғы демалыста орындауға арналған тапсырмаларды қамтиды.

Өзінің құрылымы мен мазмұны бойынша жоба зерттеушілік, шығармашылық, ақпараттық және әлеуметтік болып табылады. Мұғалімнің міндеті – оқушыларға қоғамдық пайдалы іс-әрекетте өзінің мақсаттарын, мүдделерін, интеллектуалдық және рухани сұраныстарын, адамгершілік бағдарларын, өзінің мүмкіндіктерін және өз замандастарының жетістіктерін зерттеу арқылы қазіргі әлемдегі өзінің «Менін» ұғынуға көмектесу. Жобаның іске асырылуына оқушылар ғана емес, олардың отбасыларының мүшелері, достары мен таныстары да қатыстырылады. Осылайша, жоба әртүрлі жастағы, мамандықтағы, әлеуметтік дәрежедегі адамдарды біріктіреді және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту жолында қоғамның салауатты күш-қуатын біріктіруге мүмкіндік туғызады.

Жоба бойынша іс-әрекеттің барысы оқушы дәптеріндегі Жоба күнделігінде жазылған. 5–10 сыныпқа арналған Оқушы дәптерлері www.ozin-ozi-tanu.kz рухани-адамгершілік білім беру порталында орналасқан.

Күнделікті еркін формада да жүргізуге болады, оның орнына альбом, файл папкасы, А4 форматындағы арнайы дәптерді пайдалануға болады.

Жоба төрт бөліктен тұрады. Әрбір бөлігі белгілі бір бөлімнің мазмұнымен байланысты, алайда тек онымен шектелмейді. Осының барлығы зерттеудің төрт кезеңін шамалайды.

Жоба құрылымының сызбасын төмендегідей көрсетуге болады.


  

Бірінші кезеңде оқушылар рефлексиялық қызметті орындай алады, яғни оқулықта немесе оқушы дәптерінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің ішкі жай-күйлеріне талдау жасайды. Бәлкім, бұл сұрақтар тұлғаның барлық эмоционалдық-еріктік сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін, алайда өз-өзімен және қоршаған әлеммен қарым-қатынасына талдау жасауға көмектесері анық. Сұрақтар мұғалім мен оқушылар тарапынан толықтырылуы мүмкін.

Бұл сұрақтарға жауап іздеу үй жұмысына берілетін тапсырма ретінде ұсынылады, орындалу нәтижелері өзін-өзі тану сабақтарында талқыланады. Талқыланатын тақырыпқа қызығушылық арттыру үшін сұрақты жауап беруге ынта білдірген оқушылардан бастап, бірте-бірте қалған оқушыларды да әңгімеге тартуға болады.

Жобамен жұмыстың маңызды аспектісі – бұл мақсат қою. Белгілі бір сұрақтарды ойластыру мақсат қоюға көмектеседі. Мақсатты айқындау да үй жұмысы ретінде беріліп, сабақта талқыланады. Осылайша, барлығына түсінікті, ортақ жоба мақсатын тұжырымдауға мүмкіндіу туады. Мақсатты мұғалім тақтаға жазады және әр оқушы Жоба күнделігіне түсіреді. Алайда, ортақ мақсаттан бөлек әрбір оқушының жеке зерттеу мақсаты болу керек.

Бірінші кезеңде жоба бойынша іс-әрекет жоспары да құрылады. Ол зерттеу кезеңін де, нақты істер мен қорытындылауды да қамтиды. Жоспар құрудың негізіне оқулықтар мен оқушы дәптерінде берілген тапсырмаларды алуға болады, оларды өзін-өзі тану мұғалімі мен оқушылар шығармашылық тұрғыда толықтыруларына болады.

Зерттеу ғылыми-танымдық әдебиеттерді зерделеу, көркем және деректі фильмдерді, теле бағдарламаларды көру, театрларға, мұражайлар мен көркемөнер көрмелеріне бару, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, адам мен табиғат игілігі үшін ұжымдық ізгі істер жасау арқылы орындалуы мүмкін.

Осылайша, бірінші кезең – бұл мақсат қою және орындалу мерзімін көрсету арқылы іс-әрекетті жоспарлау. Жоспар зерттеушілік және практикалық іс-әрекетті қамтиды.

Екінші және үшінші кезеңдерде ойластырылған жоспарды жүзеге асыру орындалады. Зерттеумен қатар нақты істердің де көрініс тапқаны маңызды. Мысалы, қайырымдылық шаралары, еңбек десанттары, ардагерлерге, балалар үйінің балалары мен жалғызбасты адамдарға арналған концерттер мен қолөнер бұйымдары. Бұл іс-әрекетке отбасы мүшелері, достар, таныстар және қатысуға ниет білдірген барлық еріктілерді тартуға болады. Оқушылардың зерттеушілік және практикалық іс-әрекеттің өзара байланысын түсінгендері өте маңызды, себебі практикалық істер де зерттеу алаңы болып табылады. Өзінің күш-жігерін жұмсау нәтижесінде адам өзінің ішкі көңіл-күйін, толқулары мен қуаныштарын, істеген ісімен қанағаттануын бағалай алады және өзін-өзі тани алады.

Төртінші кезең – қорытынды.  Жоба материалдары жалпыланады және жүйеленеді, жобаның презентациясы әзірленеді. Жобаны қорғау оның орындалу нәтижелерін таныстырумен сипатталады. Ол бейне-ролик, фотоколлаж, түрлі-түсті безендірілген кітап, қабырға газеті, қойылым көрсету арқылы көпжанрлы композициялар, өз шығармасындағы туындыларды орындау, рухани-адамгершілік мазмұндағы әндерді шырқау арқылы көрсетілуі мүмкін.

Жобаны қорғау немесе презентациялау соңғы сабақтарға белгіленген және өзін-өзі тану мерекесі ретінде қарастырылады, оған қонақтар, мұғалімдер, оқушыларды отбасы мүшелері, достары және жобаны іске асыруға қол ұшын созған адамдар шақырылады. Атаулы естелік сыйлықтар әзірлеу, ізгі тілектер ойластыру ұсынылады. Жобаны қорғауға арналған сабақтарды өзін-өзі тану мұғалімі мен сынып жетекшісі бірлесіп дайындайды.

Мереке сабаққа оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін әзірлеу ұсынылады: суреттер, коллаждар, эсселер, жоба күнделіктері. Жобаның іске асуына қосқан әрбір оқушының үлесін ескере отырып, номинациялар ойластыруға болады.

Қатысушылар санына байланысты жобаны жеке, топтық және ұжымдық ретінде қарастыруға болады. Ортақ пайдалы істерге қарамастан мәселені әрбір оқушы жеке ұғынғанда және өз бетінше жаңа ашылулар жасаған кезде жоба жеке болып саналады.

Жобаны әзірленуін өзін-өзі тану мұғалімі, ал іске асырылуын сынып жетекшісі басқарады. Сынып жетекшілерінің жсопарына жобаны орындау бүкіл сабақтан тыс тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың қажетті шарты ретінде енгізіледі. Педагогтардың міндеті – оқушылардың бойынша жағымды мотивациялық көңіл-күй қалыптастыру және ұсынылған тақырып негізінде соңғы нәтижені айқындауға, міндеттерді тұжырымдауға, әрекет жоспарын құруға, бірлескен іс-әрекет тәсілдерін келісуге көмектесу.

Әлеуметтік бағытталған ұзақ мерзімді жобалар бір уақытта зерттеушілік, шығармашылық және тәжірибеге бағдарланған болып табылады. Жобаны барысы жоба күнделігінде баяндалған және автордың шығармашылық қатынасын қажет етеді. Жоба күнделігі келесі құрылымдық компоненттерден тұрады:

1.  Аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауылы/қаласы көрсетілген титулдық бет

2.  Жобаның атауы

3.  Жобаның мақсаты

4.  Әрбір кезеңнен іске асыру жоспары (мерзімі көрсетілген)

5.  Зерттеу материалдары: бақылау, фотосуреттер, сызбалар, үлгілер, сауалнамалар, сұрақтамалар, пікірлер, қорытындылар.

6.  Жалпылаушы қорытынды, бүкіл зерттеу үдерісі кезіндегі жаңалықтар.

7.  Жобаны қорғау және жобалық іс-әрекет нәтижесін таныстыру сценарийі.

 Мұғалім мен оқушылардың жобамен жұмысының кезеңдері

Жобамен жұмыстың кезеңдері

Кезеңдегі жұмыстың мазмұны

Оқушылардың іс-әрекеті

Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекеті

Сынып жетекшісінің іс-әрекеті

Дайындық кезеңі

 

Жоба тақырыбын және мақсаттарын талқылау

Мұғаліммен тақырыпты талқылап, қосымша ақпарат алу.

Мақсаттарды анықтау.

Жобалық іс-әрекеттің мәнімен таныстыру, оқушыларды ынталандыру.

 

 

Жоспарлау

Ақпарат көздерін, ақпаратты жинау мен талдау әдістерін  анықтау.

Әр кезеңдегі нәтижелерін көрсету (есеп формасы) әдістерін анықтау.

Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Әрекеттерін жоспарлау. Міндеттерді тұжырымдау.

 

Идеялар ұсыну, ұсыныстар айту.

 

 

 

Зерттеу

Ақпарат жинау. Аралық нәтижені талдау. Зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, әлеуметтік бағытталған іс-әрекетке қатысу.

 

Жоспарға сәйкес зерттеу жүргізу.

 

Бақылау, кеңес беру, мүмкіндігінше әлеуметтік бағытталған іс-әрекетке қатысу, іс-әрекетті жанама түрде басқару.

Бақылау, кеңес беру, әлеуметтік бағытталған іс-әрекетке қатысу, іс-әрекетті жанама түрде басқару.

 

Нәтижені талқылау

Ақпаратты талдау, нәтижелерді рәсімдеу, әр кезең бойынша шешім шығару.

Ақпаратты талдау. Нәтижелерді жалпылау.

Бақылау, кеңес беру.

 

Жобаның тұсаукесері

Алынған нәтижені көрсету формасы – толтырылған Жоба күнделігі және арнайы рәсімделген нәтиже (бейнефильм, презентация, қабырға газеті, кітап және т.б.)

Есеп беру, талқылау, әсерлерімен бөлісу, қатысушылардың сұрақтарына жауап беру.

 

Тыңдау, қатардағы қатысушы рөлінде мақсатты сұрақ қою.

Тыңдау, қатардағы қатысушы рөлінде мақсатты сұрақ қою.

Бағалау және іс-әрекеттің перспективаларын анықтау

 

Соңғы сабақтардағы жобаның тұсаукесерінде бағалауға ұжымдық талқылау әдісімен қатысу, өзін-өзі бағалауға қатысу.

Оқушылардың ынталарын, шығармашылығын, зерттеу және практикалық жұмысқа қатысуын  бағалау, жазға тапсырма беру.

Тұлғалық дамудағы жетістіктерін талқылау.

 Жобаларды орындау реті

Кезеңдер

Міндеттер

Оқушылардың іс-әрекеті

Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекеті

Сынып жетекшісінің іс-әрекеті

1. Бастау

Тақырыпты анықтау, мақсаттарды, бастапқы қалыпты айқындау.

Ақпаратты нақтылау. Тапсырмаларды талқылау.

Оқушыларды ынталандыру. Жоба мақсаттарын түсіндіру. Бақылау.

 

2. Жоспарлау

Жоба тақырыбын талдау. Ақпарат көздерін анықтау. Міндеттер қою және нәтижелерді бағалау критерийлерін таңдау. Топтағы рөлдерді бөлу.

Міндеттер қою. Ақпаратты нақтылау. Мақсатқа жету критерийлерін таңдау және негіздеу.

 

Өзін-өзі тану оқулығындағы жоба бойынша тапсырмаларға сүйеніп жоспар құруға көмектесу. Бақылау.

 

3. Шешімдер қабылдау

Ақпарат жинау және нақтылау. Альтернативаларды талқылау. Оңтайлы нұсқаны таңдау.

Ақпаратпен жұмыс жасау. Идеяларды синтездеу және талдау. Зерттеу жүргізу.

Бақылау. Кеңес беру.

Практикалық істерді ұйымдастыру бойынша кеңес беру.

4. Орындау

Жобаны жүзе асыру.

Зерттеу жүргізу. Жобамен жұмыс жасау. Жобаны рәсімдеу.

Бақылау. Кеңес беру.

Әлеуметтік бағытталған практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру.

5. Бағалау

Жобаны жүзеге асыруды талдау. Қойылған мақсатқа жетуді талдау.

Жобаны ұжымдық өзін-өзі талдауға қатысу.

 

Үдерісті бақылау, бағыттау.

 

6.  Жобаларды қорғау

Нәтиже  өнімді әзірлеу. Жобалау үдерісін негіздеу.

Жобаны қорғау, нәтижелерді ұжыммен бағалауға қатысу.

Ұжымдық талдауға қатысу.

 

 Жобаларды бағалау жүйесі

Бағалау критерийлері

Педагогтың бағасы

Жоба күнделігін толтыру:

1.    Жобаның мақсаты: нақтылығы және шынайылығы

2.    Әрбір кезеңнің жүзеге асыру жоспары: практикалық іс-әрекеттің әлеуметтік бағыттылығы

3.    Зерттеу материалдары: нәтижеге қол жеткізудің практикалық құндылығы

4.    Бүкіл зерттеу үдерісі кезінде жасалған қорытындылар, жаңалықтар: жеке дербестік және мазмұнның рухани-адамгершілік тереңдігі

5.    Жобалық іс-әрекеттің нәтижесі: ұжымдық шығармашылыққа қосқан үлесі

 

0-2 балл

0-2 балл

 

0-2 балл

 

0-2 балл

0-2 балл

 1 жартыжылдықта жобаны орындаудың нәтижелері бойынша Жоба күнделігінде қамтылуы тиіс:

1)  Мақсат

2)  Жобаны орындау жоспары

3)  1 және 2 кезеңдегі іс-әрекетті сипаттайтын зерттеу материалдары: бақылау, фотосуреттер, сызбалар, үлгілер, сауалнамалар, сұрақтамалар, пікірлер, 1 және 2 кезеңдегі зерттеудің нәтижелері бойынша қорытындылар.

2 жартыжылдықта жобаны орындаудың нәтижелері бойынша Жоба күнделігінде қамтылуы тиіс:               

1) 3 кезеңдегі іс-әрекетті сипаттайтын зерттеу материалдары: бақылау, фотосуреттер, сызбалар, үлгілер, сауалнамалар, сұрақтамалар, пікірлер, 3 кезеңдегі зерттеудің нәтижелері бойынша қорытындылар.

2) Жалпылаушы қорытынды, бүкіл зерттеу үдерісі кезіндегі жаңалықтар.

3) Жобаны қорғау және жобалық іс-әрекет нәтижесін таныстыру сценарийі.

 

Добавить комментарий



Комментарии (1)


Гуляим
16 октября 2019 в 03:22
Комментировать

Маған ұнады. Жақсы түсіндірілген.