KZ

Главная страницаПедагогическая мастерская - статьи
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР«БӨБЕК» ИНСТИТУТ ГАРМОНИЧНОГО РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕКА МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ по проведению позитивного настроя на уроках самопоз
НАЦИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ, ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ И ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР«БӨБЕК»   ИНСТИТУТ ГАРМОНИЧНОГО РАЗВИТИЯ ЧЕЛОВЕКА                                                       МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  по проведению позитивного настроя на уроках самопоз
27 августа 2019   

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ

Өзін-өзі тану сабақтарында жағымды көңіл-күйге келуді өткізу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Алматы, 2019

 Жағымды көңіл-күйге келуді өткізу бойынша ұсыныстар

 Жағымды ойлаубұл адамның санасына теріс эмоцияларды енуіне жол бермеу қабілеті, күрделі өмірлік жағдайлардан өзінің жеке тәжірибесін байыта отырып, қажетті сабақ алуы, болашаққа жарқын сеніммен қарай алуы.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұны адамның өзіне және қоршаған әлеміне жағымды қатынасын дамытатын үлкен мүмкіндіктерді қамтиды. Бұған жағымды көңіл-күйге келу әдісі өз септігін тигізеді. Жағымды көңіл-күйге келудің мақсаты – жағымды ойлауды, өмірге оптимистік көзқараспен қарауды дамыту. Ол қоршаған әлемнің сұлулығын көре білуге, оның сан алуан құпиясын түсінуге және болып жатқан құбылыстарға дұрыс қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Егер, теңеу арқылы айтар болсақ, әлем – бұл адамның өзіне деген қатынасын бейнелейтін айна. Яғни, көп нәрсе өзімізге тікелей байланысты. Осыны түсіне отырып адам өзінің әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарап, кез келген өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алады. 

 Жағымды көңіл-күйге келубұл ішкі ізгіліктерге шоғырлану. Жағымды көңіл-күйге келу бүкіл жаттығу барысында сыртқы дүниенің нақтылығын дұрыс қабылдай отырып, өз ақылыңды қадағалауға, зейініңді деміңе шоғырландыруға, ойыңды жинақтауға мүмкіндік береді.

Жағымды көңіл-күйге келу оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерумен ұйымдастырылады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін:

  жағымды көңіл-күйге келуді өткізудің ұзақтығы 1–1,5 минуттан аспайды;

  мәтіннің мазмұны нақты жағымды бейнелерді қамтиды;

  көзді жұму туралы нұсқау берілмейді.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда «шаттық шеңбері» тәсілін және мұғалімнің жағымды тілегі, жұп-жұппен айтылған жылы сөздер, тізбек бойынша ізгі тілектерді жолдау, салмақты әуенмен сүйемелденген жағымды бейнеқатар және т.б. жағымды көңіл-күйге келуді ұйымдастырудың жаңа формаларын пайдалануға болады.

Орта буын және жоғары сынып оқушылары үшін:

  жағымды көңіл-күйге келуді өткізудің ұзақтығы 1–1,5 минуттан аспайды;

  «Бөбек» ҰҒПББСО қызметкерлері ұсынған мәтіндер немесе дамып келе жатқан тұлғаның рухани-адамгершілік сұраныстарын қанағаттандыратын жеке шығармалар пайдаланылады;

  көзді жұму туралы нұсқау оқушылардың қалау-тілектеріне орай орындалады.

 Жағымды көңіл-күйге келудің мәтіндерін жазу кезінде келесі ережелерді ескеру керек:

· мәтін жағымды сипатта болатындықтан тек жағымды бейнелер пайдаланылады;

· жағымды көңіл-күйге келу эмоционалдық қозу жағдайынан арылуға бағытталған, ақыл-ойдың тынышталуын қамтамасыз етеді, сондықтан мәтінде сананы қоздыратын, зейінді шашырататын бейнелер пайдаланылмауы керек;

· егер мәтін мазмұны табиғат сұлулығын пайымдауға бағытталған болса, онда оқушылардың есіне табиғатқа деген қамқорлықты сала кеткен жөн;

· егер мәтін мазмұны туған өлке жайында болса, онда Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет туралы сөздерді қосу қажет;

· егер мәтін мазмұнында белгілі бір жерге ойша саяхаттау сипатталатын болса, мәтін соңында оқушыларға бастапқы орынға (сынып, оқу кабинеті) қайтадан қайту ұсынылады.  

Добавить комментарий



Комментарии (0)


Этот материал еще никто не прокомментировал.